×
542.67
638.89
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.67
638.89
6.51

Тағы бір сарбаз Жетісу облысында қаза тапты

Бүгін, 18:27
Тағы бір сарбаз Жетісу облысында қаза тапты

Жетісу облысында сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бүгін, қыркүйектің 23 күні, жауынгерлік дайындық бойынша сабақтарды өткізу кезінде Десанттық-шабуылдау әскерлерінің Жетісу гарнизонындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаруды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты оқ жарақатын алып, қаза тапқан.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Лауазымды тұлғалар тарапынан қандайда бір немқұрайдылық немесе бақылаусыздық анықталатын болса, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылатын болады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 18 қыркүйекте әскерде тағы трагедия болды. Мәтібұлақ ауылында орналасқан №01098 әскери бөлімінде 19 жастағы мерзімді қызметтегі сарбаз Дінмұхаммед Шынарбек өлі табылды. Жақындарының айтуынша, жас жігіттің өліміне қатысты шынайы жағдайлар мұқият жасырылып отыр. Әпкесінің сөзінше, 2024 жылдың күзінде әскерге Даниял Шынарбек шақырылса, көктемде оның егізі Дінмұхаммед әскер қатарына алынған. Екеуі де Отар гарнизонында қызмет еткен. 17 қыркүйекте туыстарына Дінмұхаммедтің өзіне қол жұмсағаны туралы хабар келген.

Бүгін туыстары ақтық сапарға шығарып салды. 

Дінмұхамедтің туыстары оның өз-өзіне қол салғанына сенбейді.

Серіктес жаңалықтары