×
545.01
642.84
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
545.01
642.84
6.52

Санжар Боқаевтың видеосынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Бүгін, 17:11
Санжар Боқаевтың видеосынан кейін қылмыстық іс қозғалды
Ulysmedia.kz коллажы

Санжар Боқаевтың видеосынан кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің сөзінше, Санжар Боқаев жариялаған бейнероликтерден алынған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

– Бұл видеоны көрдім. Нақты айтарым: осыған қатысы бар адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, – деді ол.

Алайда ол күдіктілердің арасында лауазымды тұлғалардың бар-жоғын нақтыламады.

ҚМА ҰСТАНЫМЫ

Қаржы мониторингі агенттігі өз кезегінде Боқаевтың айтқанын «ескереміз» деп уәде берді. Дегенмен, агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов қоғам белсендісінің видеоларын көрмегенін мойындады.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Санжар Боқаев түн ішінде белгісіз адамдардың Үлкен Алматы өзені жағалауынан гранит плиталарын жасырын тасып әкетіп, кейін оларды құлпытас жасайтын цехқа жеткізгенін видеоға түсірген болатын. Осы оқиғадан кейін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жол асфальтының қирауы мен абаттандырудағы заңбұзушылықтар үшін Әуезов және Медеу аудандары әкімдеріне қатаң сөгіс жариялады.

Ulysmedia.kz тілшісі жағалауды қайта құру жұмысына кім жауапты екенін және бұл іске Досаевтың қандай қатысы барын еске салуды жөн көрді.

Серіктес жаңалықтары