АҚШ Ресейден Еуропаға тасымалданып жатқан газ бен мұнай өнімдерінің орнын басуға әзір. Бұл туралы АҚШ-тың энергетика министрі Крис Райт мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Крис Райттың айтуынша, Америкада қажетті қуат көздері жеткілікті және олар Еуропаның сұранысын қанағаттандыруға қауқарлы.
– Америка бүгіннің өзінде Еуропаға жеткізілетін барлық ресейлік газды және барлық ресейлік мұнай өнімдерін алмастыруға дайын. Бізде қажетті қуат бар. Олардың қажеттілігін толық өтеуге әзірміз, – деді ол.
КОНТЕКСТ
23 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының мінберінен сөз сөйлеген Дональд Трамп та Еуропа елдерін Ресейдің газ бен мұнайын сатып алып отырғаны үшін сынға алған болатын.