×
541.68
636.26
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.68
636.26
6.48

Қазақстанда қарасора өсіруге ресми түрде рұқсат берілді

25.09.2025, 14:43
Қазақстанда қарасора өсіруге ресми түрде рұқсат берілді
Ашық дереккөзден

Қазақстанда өнеркәсіптік мақсатта қарасора өсіруге ресми түрде рұқсат берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан үкіметі өнеркәсіптік мақсатта қарасора өсіруге рұқсат беретін қаулы қабылдады. Қаулы мәтіні премьер-министрдің ресми сайтында жарияланды.

ҚҰЖАТ

Құжатқа сәйкес, рұқсат етілген сорттар есірткі немесе психотроптық заттар өндіруге арналмаған. Үкіметтің қаулысында:

- Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметі қаулы етеді: қоса беріліп отырған есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігінің сорттары бекітілсін, – деп көрсетілген.

ТОЛЫҚ ТІЗІМ

Өсіруге рұқсат етілген сорттардың саны – 218. Толық тізіммен премьер-министрдің сайтында танысуға болады. Қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, сәуірде мәжіліс өндірістік мақсаттағы қарасораны өсіруге рұқсат беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. 

Ал бұған дейін Қазақстанда қарасорадан ресми құжаттар жасалынбақ екені хабарланған еді. 

Серіктес жаңалықтары