×
541.68
636.26
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.68
636.26
6.48

Зеленский қандай жағдайда президенттіктен кететінін айтты

25.09.2025, 15:10
Зеленский қандай жағдайда президенттіктен кететінін айтты
Фото: Thomas Peter / Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский соғыс біткеннен кейін қызметінен кетуге әзір екенін айтты. Сондай-ақ ол Жоғарғы радаға сайлау өткізу туралы ұсыныс жасауға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

- Менің мақсатым – сайлауға қайта түсу емес, соғысты аяқтау, – деді Зеленский Axios басылымына берген сұхбатында.

Журналистердің «соғыс аяқталғаннан кейін жұмысыңыз аяқталды деп есептейсіз бе?» деген сұрағына ол: «Мен отставкаға кетуге дайынмын», – деп жауап берді.

САЙЛАУ

Зеленский атысты тоқтату режиміне қол жеткізілген жағдайда Жоғарғы радаға сайлау өткізуге бастама жасауға әзір екенін айтты, деп жазады BBC. Алайда ол бірқатар кедергілер бар екенін атап өтті.

Негізгі мәселе – елдің бірнеше аймағындағы қауіпсіздік жағдайы мен Конституция талаптары. Украина Конституциясында әскери жағдай кезінде сайлау өткізуге тікелей тыйым салынған. Соған қарамастан, Зеленский сайлау өткізу мүмкін екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары