×
541.68
636.26
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.68
636.26
6.48

Францияның экс-президенті Саркозиге сот үкімі шықты

25.09.2025, 18:00
Францияның экс-президенті Саркозиге сот үкімі шықты
Фото: Stephanie Lecocq / Reuters

Париждің қылмыстық соты 2007 жылғы президенттік сайлау науқаны кезінде Ливиядан заңсыз қаржыландыру алды деген күдікпен қаралған Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҮКІМНІҢ МӘНІ

2007-2012 жылдары Франция президенті болған Саркози қылмыстық келісім жасады деп танылды. Дегенмен, пассивті сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қаражатты жымқыруды жасыру және сайлауалды кампанияны заңсыз қаржыландыру баптары бойынша ол ақталып шықты, деп жазады Euronews.

Биыл наурыздағы соңғы тыңдауларда ұлттық қаржы прокуратурасы оған 7 жыл түрме жазасын, 300 мың еуро айыппұл және 5 жыл сайланбалы және заңгерлік қызмет атқаруға тыйым салуды талап еткен еді. Прокуратура Саркозиді Муаммар Каддафимен байланысты ықтимал сыбайлас жемқорлық схемасының «негізгі тұлғасы және демеушісі» деп атаған.

Алайда күмәнді қаржы ағындары мен күмәнді схемалар анықталғанымен, тергеу Ливия қаражатының нақты қалай пайдаланылғанын дәлелдей алмады. Саркози болса тергеу барысында өзіне тағылған айыптарды толықтай жоққа шығарып келді.

БАСҚА АЙЫПТАЛУШЫЛАР

Бұл іс бойынша айыпталған 10 адамның үшеуі толықтай ақталды. Олардың қатарында Саркозидің сайлау штабының бұрынғы қазынашысы Эрик Вёрт та бар.

КОНТЕКСТ

Аталған іс Францияда 2013 жылы басталған. Тергеу кезінде 2007 жылғы Саркозидің сайлауалды кампаниясын Муаммар Каддафи режимі жасырын түрде қаржыландырған деген болжам қаралды. 2011 жылы Каддафи құлатылып, қаза тапқаннан кейін оның айналасындағы бірнеше адам Францияға ірі көлемде қаржы жіберілгенін мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары