×
541.68
636.26
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.68
636.26
6.48

Нұртілеу АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасарымен кездесті

Бүгін, 08:02
Нұртілеу АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасарымен кездесті
Фото: СІМ

80-ші мерейтойлық сессия аясында БҰҰ Бас ассамблеясының жұмысына қатысып жатқан Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қос тарап не талқылады?

Кездесу барысында қазақ-американ қарым-қатынастарының қазіргі ахуалы мен даму болашағы сөз болды. Әңгімелесу өзара сенім мен мүддеге негізделген оң динамикаға құрылғаны атап өтілді.

Министрдің ұстанымы

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұрат Нұртілеу кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан – Орталық Азиядағы ең ірі экономика әрі еуразиялық хаб ретінде АҚШ-тың аймақтағы экономикалық қатысуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Басқа кездесулер

Сонымен қатар қазақстандық министр Того, Австрия, Оман, Армения, Беларусь және Кипрдің сыртқы істер ведомстволарының жетекшілерімен де екіжақты келіссөздер өткізді.

Серіктес жаңалықтары