ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Болашақ" бағдарламасындағы реформалар туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Нұрбек халықаралық “Болашақ” бағдарламасы бойынша стипендиялар санын қысқарту жоспарын мәлімдеді, деп жазады Қазинформ. Оның айтуынша, келесі жылдан бастап елде split degree бағдарламалары іске қосылады.
ДӘЙЕКСӨЗ
–
Біздегі халықаралық серіктестері бар университеттерді PhD және магистратураның бірлескен ғылыми бағдарламаларын құруға ынталандырып жатырмыз. Назарбаев университетте алғашқы split бағдарламасы іске қосылды. Олар Лондонның әйгілі SOAS зерттеу университетімен екі жылдық магистратура бағдарламасын бастады. Лондонда 1 жыл, Қазақстанда 1 жыл оқиды. Яғни, екінші бөлім “Болашақ” есебінен жабылады. Сондықтан біз стипендиялардың санын қысқартамыз. Есесіне көптеген студенттерге осындай серіктестіктер есебінен білім алуға мүмкіндік береміз, – деді министр.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін Kozybayev University-дің экс-проректоры, зерттеуші, биотехнолог әрі инноватор Дәмел Мектепбаева “Болашақ” бағдарламасы аясында бакалавриатқа арналған стипендияларды қайтаруға үндеген еді.