×
544.26
634.72
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.26
634.72
6.52

Ресейде жаңа мобилизация қандай жағдайда болуы мүмкін

27.09.2025, 10:10
Ресейде жаңа мобилизация қандай жағдайда болуы мүмкін
ngs.ru

Сарапшының пікірінше, кезекті мобилизация болса, 1 млн-нан астам ресейлікті әскерге шақыруы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әскери сарапшы, әскери ғылымдар докторы, бірінші рангті капитан (отставкадағы) Константин Сивков Ресейде жаңа мобилизация болуы мүмкін екенін жоққа шығармады, деп жазды glavny.tv. Оның айтуынша, бұл әскери қақтығыс жаңа аумақтарға, мысалы, Молдоваға жеткен жағдайда болуы мүмкін.

ДӘЙЕКСӨЗ

– НАТО қақтығысты жаңа аумақтарға кеңейтсе, Ресей армиясына қосымша мобилизация қажет болады. Жаңа майдан көлемі Украинамен шамалас болса, кемінде бір миллион адамды шақыруға тура келеді, – деді ол.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Ресей мен Украинадағы сарапшылар Путин мен Зеленскийдің Қазақстанда кездесуі мүмкін екені туралы пікір білдірген еді.

Серіктес жаңалықтары