Талғарда "Аяла" арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметкерлері жалақының төмендеуі мен жұмыс кестесінің өзгеруіне байланысты билікке үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қызметкерлердің айтуынша, олар бес жылдан астам уақыт бойы “бір күн жұмыс, екі күн демалыс” кестесімен еңбек етіп, шамамен 300 мың теңге алып келген. Жақында кесте өзгерген: бірінші күн – күндізгі ауысым, екінші күн – түнгі ауысым, үшінші күн – демалыс. Ал жалақы 243 мың теңгеге дейін қысқарған.
– Біз ұзақ уақыт шыдадық. Біздің жағдайымызды ешкім ескермейді. Егер өзімізді өзіміз қорғамасақ, ешкім қорғамайды. Біреулер алыстан қатынайды, енді бірі кеш қайтады. Жаңа кестемізді қараңыздаршы — біз жарты сегіз жарымнан сегіз жарымға дейін жұмыс істейміз, – деді әйелдер.
Сонымен қатар олар зейнетақы аударымдарындағы заңбұзушылықтар туралы айтып, аудиттік тексеріс жүргізуді талап етті.
Мекеме директоры бұл қызметке жақында ғана тағайындалғанын, ал кестені өзгерту туралы шешім еңбек инспекторының ескертулеріне сәйкес қабылданғанын түсіндірді. Ол бухгалтериямен бірге жағдайды тексеруге уәде берді.
ӘКІМДІК НЕ ДЕЙДІ?
Алматы облысының әкімдігі түсіндіру кездесулері өткізілгенін, сондай-ақ басқарма мен еңбек инспекциясы мамандарының қатысуымен қосымша жұмыс жоспарланғанын хабарлады. Нәтижесінде қызметкерлер жұмыс орындарына оралды. Мәселені түпкілікті шешу үшін 2025 жылғы 30 қыркүйекте басқарма басшысы орталық ұжымымен кездеседі.
Әкімдік бұрынғы басшылық кезінде қызметкерлер тәулік бойы, яғни 24 сағат қатарынан жұмыс істегенін еске салды. Бұл ҚР Еңбек кодексіне қайшы келеді. Атап айтқанда, 83-бапта ауысым арасындағы ең аз үзіліс кемінде 12 сағат болуға тиіс екені көрсетілген.