×
544.26
634.72
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.26
634.72
6.52

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кептеліс: автокөліктердің жиналу себебі белгілі болды

Бүгін, 15:51
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кептеліс: автокөліктердің жиналу себебі белгілі болды
ашық дереккөз

Ресейдің Федералдық кеден қызметі Қазақстанмен шекарада автокөліктердің жиналуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Жұмыс сапары барысында шекара маңындағы тасжолдар мен автотұрақтарда көлік құралдарының жиналғаны байқалды. Ведомство өкілдері жүргізушілермен сөйлесу кезінде тасымалдаушылардың Ресей Федерациясы аумағына кіру үшін жұмыс берушілерінен бұйрық күтетінін анықтады, – делінген хабарламада.

Мекеменің мәліметінше, көліктердің шоғырлануына сыртқы экономикалық қызметке қатысушы жауапсыз кәсіпкерлердің әрекеті себеп. Олар жүргізушілерге шекарадан өтуге рұқсат бермей, бақылаудың әлсіреуін күтіп отыр.

Еске салайық, 21 қыркүйекте Қазақстан мен Ресей шекарасындағы бірнеше өткізу бекетінде жүк көліктерінің кептелісі пайда болған еді. ҚР Көлік министрлігінің хабарлауынша, оның негізгі себебі — ресейлік шекара қызметінің тексерістерді күшейтуі.

Серіктес жаңалықтары