×
544.26
634.72
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.26
634.72
6.52

Қазақстанда күн суытып, қар жаууы мүмкін

Бүгін, 17:09
Қазақстанда күн суытып, қар жаууы мүмкін
Pixabay.com

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы күрт өзгереді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

“Қазгидромет” РМК мәліметінше, елдің солтүстік жартысына солтүстік-батыс циклон ықпал етіп, жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. 28-29 қыркүйекте жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Ал оңтүстік аймақтарда оңтүстік циклон әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең кей өңірлерде тұман түсуі ықтимал.

Ауа райы болжамы:
    •    28 қыркүйектен бастап солтүстік облыстарға салқын антициклон енеді, кейін ол оңтүстікке ығысып, елдің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді.
    •    Батыста түнде +3…+8°, күндіз +10…+18-ден біртіндеп +13…+22°-қа дейін жылынады.
    •    Оңтүстік-батыста түнде салқындайды: +10…+15-тен +7…+12°-қа дейін, күндіз +13…+18-ден +18…+23°-қа дейін көтеріледі.
    •    Солтүстік-батыс пен солтүстікте айтарлықтай төмендеу күтіледі: түнде +3…+13-тен −1…−6°-қа дейін, күндіз +10…+15-тен +3…+10°-қа дейін.
    •    Шығыста түнде +2…+10-нан +7…+15°-қа дейін, күндіз +25…+30-дан +20…+25°-қа дейін, ал солтүстік бөлігінде +10…+15° шамасында болады.
    •    Оңтүстікте түнде +9…+18-ден +5…+13°-қа дейін, күндіз +22…+32-ден +15…+28°-қа дейін төмендейді.
    •    Оңтүстік-шығыста түнде +10…+15°, тауда 0…+5°, күндіз +23…+30°, таулы аймақтарда +15…+20°.

Серіктес жаңалықтары