Қазақстандық гимнаст Дмитрий Патанин Сомбатхейде (Венгрия) өткен Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстан құрамасының өкілі еркін жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті. Финалда Патанин 13.900 ұпай жинады.
Екінші орынды Болгария спортшысы Кевин Пенев (13.600) иеленсе, үшінші орынға Артем Долгопят (Израиль) (13.200) тұрақтады.
Еске салайық, бұған дейін Данил Васильев шаңғымен трамплиннен секіруден FIS кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанған еді.