Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ол үшінші айналымда әлемдік рейтингіде 66-орында тұрған неміс спортшысы Ева Лиске үш сетте – 3:6, 6:1, 4:6 есебімен жол берді.
Рыбакина кездесудің фавориті саналған еді.
Ол алғашқы айналымдарда америкалық Кэти Макнеллиді (№90) 7:5, 4:6, 6:3 есебімен ұтқан еді.
Биыл Бейжіңдегі турнирдің жүлде қоры – шамамен 9 миллион доллар, ал жеңімпаз теннисші 1 миллион доллардан астам қаржы және 1000 ұпайды иеленеді.