×
544.26
634.72
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.26
634.72
6.52

Астанада жылыту маусымы басталды

28.09.2025, 15:06
Астанада жылыту маусымы басталды
Pixabay.com

Астанада жылыту маусымы ресми түрде басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қала әкімдігінің мәліметінше, ауа райының суытуына байланысты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталды.

– Алдағы күндері қаладағы барлық нысан кезең-кезеңімен қосылады, – делінген хабарламада.

Бұған дейінгі өтінімдер бойынша балабақшалар, мектептер мен медициналық мекемелер жылумен қамтамасыз етілген.

Алдағы күндері Астанадағы барлық нысанға жылу кезең-кезеңімен қосу жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда алдағы күндері күн суытып, қар жаууы мүмкін екенін хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары