Мадридтік "Реал" УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Қайратқа" қарсы Алматыда өтетін матчқа қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“ҚАЙРАТҚА” ҚАРСЫ ОЙНАЙТЫНДАР
Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро.
Қорғаушылар: Давид Алаба, Марко Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес.
Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуардо Камавинга, Феде Вальверде, Орельен Тчуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос.
Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Эндрик, Килиан Мбаппе, Родриго, Гонсало, Браим Идас, Франко Мастантуоно.
“Қайрат” – “Реал Мадрид” матчы 30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өтеді.
Еске салайық, бұған дейін УЕФА Чемпиондар лигасы аясында өтетін алматылық "Қайрат" пен мадридтік "Реалдың" ойынына қазақстандық және шетелдік БАҚ-тың аккредитацияға берген өтінімдерінің басым бөлігі қанағаттандырылмағанын хабарлаған едік.