×
544.26
634.72
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.26
634.72
6.52

Лавров Польшаға жасалған дрон шабуылына қатысты түсініктеме берді

Бүгін, 08:32
Лавров Польшаға жасалған дрон шабуылына қатысты түсініктеме берді
Фото: TRT

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Польша аумағынан табылған дрондар Ресейден ұша алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы ол БҰҰ Бас ассамблеясының 80-сессиясы аясындағы жоғары деңгейлі апта қорытындысында өткен баспасөз мәслихатында айтты. Министрдің сөзінше, дрондардың ұшу қашықтығы Ресей мен Польша арасындағы аралықтан аз.

Польша аумағында табылды делінген дрондар – егер біз ойлап отырған аппараттар болса, олардың ұшу қашықтығы Ресей Федерациясы шекарасынан Польшаға дейін жетпейді, – деді Лавров.

Министрдің айтуынша, оқиға болған күні ресейлік тарап жағдайды «у-шусыз» талқылау үшін кездесу өткізуді ұсынған, бірақ бұл ұсыныс қабылданбады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 10 қыркүйекке қараған түні Польша әскерилері әуе кеңістігінің бұзылғанын хабарлаған болатын. Кейін елдің премьер-министрі Дональд Туск шекараны 19 дрон кесіп өткенін, олардың бір бөлігі атып түсірілгенін мәлімдеді.

Бұл жағдайға қатысты Польша Республикасының Қазақстандағы елшілігінің сенімді өкілі Михал Лабенда мәлімдеме жасады. Сонымен қатар, Польша Сыртқы істер министрі Радослав Сикорский Ресей тарапынан төнетін қауіп туралы айтты. 

Серіктес жаңалықтары