×
544.26
634.72
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.26
634.72
6.52

Қырғызстанның үшінші ірі қаласының бірі атауын өзгертті

Бүгін, 09:00
Қырғызстанның үшінші ірі қаласының бірі атауын өзгертті
Фото: Мир24

Қырғызстанның ежелгі қалаларының бірі – Жалал-Абад ресми түрде Манас болып өзгертілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шешім қалай қабылданды?

Бастаманы қала депутаттары ұсынып, республикалық деңгейде қолдау тапты. Шешім ұлт қаһарманы Манастың есімін ұлықтау және өңірдің тарихи маңызын айшықтау мақсатымен шыққан.

3 қыркүйекте қалалық кеңес депутаттары мэр Эрнисбек Ормоковтың ұсынысын бірауыздан мақұлдады. 5 қыркүйекте жоба қоғамдық талқылау порталына жарияланып, 9 қыркүйекте Жогорку Кенештің салалық комитеті оны үш оқылымда қабылдады. Келесі күні парламент заңды бекітті, ал бір аптадан соң мемлекет басшысы қол қойды.

Қанша қаржы жұмсалады?

Қаланың атауы өзгергеннен кейін барлық маңдайша жазулар, мөрлер мен құжаттар ауыстырылмақ. Алдын ала есеп бойынша, бұл мақсатқа кемінде 15 млн сом қажет болады.

Серіктес жаңалықтары