×
544.26
634.72
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.26
634.72
6.52

Депутаттың күйеу баласы премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

Бүгін, 09:35
Депутаттың күйеу баласы премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды
Ulysmedia.kz коллажы

Жаслан Мәдиев премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАРЛЫҚ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды.

МӘЖІЛІС

Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына Жаслан Мәдиевтің кандидатурасы келісілді.  

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

ЖОЛДАУ

Еске салайық, президент жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырған болатын. 

АЙТА КЕТЕЙІК

Жаслан Мәдиевтің қайын атасы – мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов. Бұған қоса, Тұрғанов мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановпен де туыстық байланыста.

Серіктес жаңалықтары