×
544.26
634.72
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.26
634.72
6.52

Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалды

Бүгін, 09:42
Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалды
Коллаж: ulysmedia.kz

Оқу-ағарту министрлігі депутат Жұлдыз Сүлейменова басқаратын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.

СҮЛЕЙМЕНОВА ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ? 

2000–2004 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттік өзін-өзі басқару ұйымын басқарған.

2004–2006 жылдары Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарып, сонымен қатар Алматы экономика және статистика академиясының Ақтөбе институтындағы жастар істері комитетін басқарған.

2006–2007 жылдары «Отан» РНП-ның Ақтөбе облыстық филиалында жастар істері жөніндегі кеңесші болып, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты Республикалық кеңесі төрағасының орынбасары болған.

2007–2008 жылдары Алматыдағы Ы. Алтынсарин атындағы №159 көпсалалы гимназияда тарих пен құқық пәнінен сабақ берген.

2010–2011 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университетінде тәрбие ісі жөніндегі проректордың орынбасары қызметін атқарып, сонымен қатар Жастар ісі жөніндегі басқарманы басқарған.

2011 жылы Халықаралық бизнес академиясында студенттермен жұмыс жөніндегі декан болған, ал 2011–2012 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде бас ғылыми хатшы қызметін атқарған.

2012–2014 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының білім саясаты және бағдарламалар департаментінде аға менеджер қызметін атқарды. 2014–2017 жылдары осы департамент директорының орынбасары болды.

2017 жылы даму департаментін басқарып, бұл қызметті 2021 жылдың қаңтарына дейін атқарды.

Қоғамдық деңгейде 2022 жылдың 14 маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, ал 2025 жылдың 26 мамырынан бастап ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі.

Серіктес жаңалықтары