×
544.26
634.72
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.26
634.72
6.52

Молдовада еуропашыл партия жеңіске жетті

Бүгін, 11:33
Молдовада еуропашыл партия жеңіске жетті

28 қыркүйекте өткен парламент сайлауында Молдовада «Әрекет және ынтымақ» (PAS) партиясы бәсекелестерінен айқын басымдықпен озды. Елдің қазіргі президенті Майя Сандудың PAS партиясы жаңа парламентте басым дауысқа ие болды. Ресейшіл оппозициялық күштер бұл сайлауда да жеңілді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Бюллетендерінің 99 пайызы саналған уақытта PAS партиясы 50,14 пайыз дауыс жинағаны жарияланды. Бұл парламенттегі 101 орынның 54-ін иеленуге мүмкіндік береді. Бұған дейінгіпарламент шақырылымында PAS партиясы фракциясында 61 депутат болған.

Тағы бір еуропашыл саяси күш – «Альтернатива» блогы парламенттен 8 орын алған.

Орталық сайлау комиссиясының есебі бойынша, ресейшіл «Патриоттық блок» сайлаушылардың24,20 пайызының қолдауына ие болған. Осылайша, парламенттен 27 орын алған.

Осы жолғы парламент сайлауына елде барлығы 14 саяси партия, төрт сайлау блогы және төрт тәуелсіз кандидат түскен.

Сайлау күні, 28 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясы оппозициялық «Ұлы Молдова» партиясын саяси бәсекеден шеттетті.

Молдованың бұрынғы президенті, Социалистер партиясының жетекшісі Игорь Додон барлық саяси күштерді 29 қыркүйек, дүйсенбі күні үкімет ғимараты алдында бейбіт митингке шығуға шақырды. Ол сайлау барысында заң бұзушылықтар тіркелді деп мәлімдеген.

Сайлау қарсаңында президент Майя Санду халықты еуропашыл күштерді қолдауға үндеп, Ресей өзіне жақын саясаткерлерді билікке әкелу үшін Молдовадағы осы сайлауға қомақты қаржы құйып жатыр деп мәлімдеген. Оның сөзінше, Мәскеу молдовалық сайлаушылар дауысын сатып алуға «жүздеген миллион доллар» жұмсаған.

Ресей шетелдегі сайлау іс-шараларына араласады деген айыптауларды жоққа шығарады.

Серіктес жаңалықтары