×
544.26
634.72
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.26
634.72
6.52

"ҚМГ" топ-менеджерлері көрпеге қарай көсілмей отыр

Бүгін, 12:25
"ҚМГ" топ-менеджерлері көрпеге қарай көсілмей отыр
Ulysmedia.kz коллажы

«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «ҚазМұнайГаз» топ-менеджментінің бизнес-джеттерді пайдаланатыны туралы сұраққа жауап беруге тырысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Журналистер Жақыповтан тарап жатқан ақпаратқа пікір білдіруін және мемлекет қатаң үнемдеу жағдайында бұл қаншалықты орынды екенін нақтылап беруді сұрады.

- Қазір ақпаратты нақтылау жүріп жатыр, қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Біз ақпаратты тексеріп жатырмыз. Корпоративтік стандарт бойынша қор еншілес компаниялардың жедел жұмысына араласпайды. Дегенмен осы баспасөзді қарап, тиісті лауазымды тұлғаларға сұрақ қойдым. Ақпарат нақтыланған соң қорытынды шығарамыз. Кейде шұғыл жағдайларда мұндай қызметті пайдалануға тура келеді. Біз себептерін түсінеміз де, қорытынды жасаймыз, алдын ала айтуға асықпаймын, – деді Жақыпов.

ӨЗІ НЕМЕН ҰШЫП ЖҮР?

Сондай-ақ ол өзі тек тұрақты әуе рейстерімен ұшатынын және жеке джеттерді пайдаланбайтынын айтты.

ТОҚАЕВ НЕ ДЕП ЕСКЕРТТІ

Биыл ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев үкіметке бюджет қаражатын үнемдеп, тек өзекті мәселелерге жұмсауға тапсырма берген еді. Мемлекет басшысы “үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет” деген. Білікті мемлекеттік қызметкерлер ел экономикасын тұралап қалудан сақтауы керек екенін атап өтіп, қазір күрделі кезеңде мемлекеттік аппараттың тиімділігі алғы шарттың бірі екенін мәлім еткен.

Серіктес жаңалықтары