×
544.26
634.72
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.26
634.72
6.52

Алакөлдегі жағдай өзгермеді: қыруар қаржы босқа кеткен бе?

Алакөлдегі жағдай өзгермеді: қыруар қаржы босқа кеткен бе?
Ulysmedia

Абай облысы туризм басқармасының басшысы Марат Кабаковтың айтуынша, Мемлекет басшысының сынынан кейін жағалауды дамытуға 658 млн теңге қаражат бөлінген.

МИЛЛИОНДАР ҚАЙДА КЕТТІ?

Мемлекет басшысының сынынан кейін жағалауды абаттандыруға 658 млн теңге бөлінген. Бұл қаражаттың ішінде жолдарды жөндеуге – 230 млн теңге, абаттандыруға – 108 млн теңге, арбатты қалпына келтіруге – 107 млн теңге, жаңа қоғамдық кеңес салуға – 171 млн теңге, пирстер орнатуға – 41 млн теңге, санитарлық тазалау мен күтіп ұстауға – 53 млн теңге жұмсалған. 

Алайда туризм басқармасының басшысы Марат Кабаковтың айтуынша, биылғы маусымда тек «ұсақ-түйек» мәселелер ғана шешілген. Ал ең маңызды проблемалар – тұрмыстық қалдық полигоны, өрт сөндіру және құтқару станциясы, электр желісін тарту мен жағалауды нығайту – сол күйі шешімін тапқан жоқ.

Маман бұл түйткілдерді бір маусымда еңсеру мүмкін емес екенін айтып, әзірге тек жобалық-сметалық құжаттар дайындалғанын мәлімдеді. Сараптамадан өткен соң, егер мемлекет қолдау білдірсе, құрылыс жұмыстары тек келесі жылы басталып, құрғақ уәде еткендей, 2027 жылы ғана толық шешілуі мүмкін.

-Алайда негізгі инфрақұрылымдық мәселелер – қоқыс полигоны, өрт сөндіру және құтқару станциясы, электр желісі мен жағалауды нығайту – бір маусымда шешілмейді. Қазір жобалық-сметалық құжаттамалар дайын, мемлекеттік сараптамадан өткен соң, жұмыстар келесі жылы басталып, тек 2027 жылы толық аяқталуы мүмкін-деді. 

Алайда, бұл сомаға қосымша 300 млн тг бөлінген. Спикер бұл туралы атап өтпеді. Аталған бюджеттің 141,6 млн теңгесі Қабанбай ауылында өрт сөндіру депосын салуға, 57,7 млн теңге – көл жағасында құтқару станциясын ашуға және 100 млн теңге – аумақты дамыту бас жоспарын әзірлеуге бағытталған еді. 

МӘН-ЖӘЙ ҚАЛАЙ БОЛДЫ?

Жаздың қызған шағында Премьер-министр Олжас Бектенов туризм саласын тексеріп, Алакөл жағалауындағы жағдайды өз көзімен көрді. Президент ескерткен проблемалар – сапасыз сервис, санитарлық тәртіптің жоқтығы, қауіпсіздік шараларының әлсіздігі – сол күйі өзгермегені анықталды. Демалушылар дәретхана, душ пен қоқыс жәшігі жетіспейтіне, жағалауда тәртіптің жоқтығына шағымданған еді.

Тексеріс қорытындысында вице-министрден бастап бірнеше облыс әкімдерінің орынбасарларына, қала және аудан әкімдеріне дейін қатаң сөгіс берілді. Әкімдіктер де, министрліктер де жауапкершіліктен жалтара алмайтынын Бектенов қадап айтты. Бірақ сөгіс беру мәселелерді шешпейтіні белгілі. Біршама қаражат бөлінгенмен негізгі мәселелер шешілмеген. 

 

Серіктес жаңалықтары