×
549.06
644.87
6.66
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.06
644.87
6.66

Қазақстанда жүздеген жеке мектеп жабылып қалуы мүмкін

30.09.2025, 09:11
Қазақстанда жүздеген жеке мектеп жабылып қалуы мүмкін
Ulysmedia.kz

Оқу орындарының мұғалімдері мен аспаздары кем дегенде жаздан бері жалақысыз отыр, ал мектеп иелерінде коммуналдық қызмет пен несиелер бойынша миллиондаған қарыз жиналуда. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жекеменшік мектеп өкілдері Астанаға арнайы келіп, неге «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы оларды ұмыт қалдырғанын өз көздерімен білмек болды. Ulysmedia.kz тілшісі де кәсіпкерлердің жаппай банкротқа ұшырауы мүмкін себептерін анықтағысы келді, бірақ «Қаржы орталығының» басшысы есеп-қисапты ашып көрсетуге аса құлық танытпады.

Жекеменшік мектеп иелерінің айтуынша, оларға әрбір бала үшін ай сайын 55-тен 70 мың теңгеге дейін төленеді деп уәде етілген. Алайда бірнеше айдан бері «Қаржы орталығы» олардың хаттарына жауап бермей, жиналған төлемдерді өтемей отыр.

– Кідірістерге байланысты біз тамыз айында мұғалімдерге өз қалтамыздан өтемақы беруге мәжбүр болдық, тек олардың жұмысын сақтап қалу үшін. Бірақ қыркүйек те аяқталып қалды, әлі күнге дейін ақша жоқ, – деп налиды жекеменшік мектептің иесі.

Астанаға Қазақстанның әр өңірінен 50-ден астам жекеменшік оқу орнының өкілі жиналды. Олар астаналық шенеуніктермен сөйлесуге бұдан да көп адамның келгісі келгенін, бірақ барлығының елордаға жетуге мүмкіндігі болмағанын жасырмайды.

– «Қаржы орталығы» жекеменшік мектептерге 20 жыл бойы жан басына қаржыландыру төлеу міндетін алған, – дейді тағы бір кәсіпкер әйел.

Адамдардың айтуынша, олар мемлекетке сеніп, «Мектеп салыңдар, біз бизнестеріңді дамытуға көмектесеміз» деген үндеуге құлақ асқан. Бірақ белгісіз себептермен мемлекет төлеуді тоқтатқан.

Енді оларда қызметкерлер, банктер мен коммуналдық қызметтер алдындағы қарыз таудай боп тұр. Бизнес өкілдерімен оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова кездесті. Ол өңірлердегі барлық мәселе шешіледі деп уәде берді, бірақ қашан шешілетіні белгісіз. Оларға «Қаржы орталығының» басшысы Шолпан Өтелбаева да шықты.

Оның айтуынша, жекеменшік мектептерге ұйым 2024 жылдан қалған бірнеше миллиард теңге қарыз. Ал 2025 жылы жекеменшік мектептерге төлем жасауды әкімдіктер атқарады. «Әкімдіктер қаражат тапқанда, барлық қарыз өтеледі» деді ол. Бірақ нақты мерзімін Өтелбаева да айта алмады. Ал кәсіпкерлер «ол күнге дейін шыдамай, тіршілігімізді тоқтатып алуымыз мүмкін» деп алаңдап отыр.

Серіктес жаңалықтары