×
549.06
644.87
6.66
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.06
644.87
6.66

Қазанның алғашқы күнінде ауа райы қандай болады?

30.09.2025, 19:14
Қазанның алғашқы күнінде ауа райы қандай болады?
Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер 1 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Күндіз 1, тәулік бойы 2 қазанда Жетісу облысында жауын-шашын, шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). Күндіз 1 қазанда ауа температурасының 6-11, облыстың таулы аудандарында 1 градус жылыға дейін күрт төмедеуі, түнде 2 қазанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 1-3 градус үсік болады.

1 қазанда күндіз Ақмола облысының батысында, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

1 қазанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с. Петропавл қаласында 1 қазанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

1 қазанда түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

1 қазанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 1 қазанда күндіз қатты жаңбыр болады. Кей уақытта тұман болады.

1 қазанда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

1 қазанда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

1 қазанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады.

1 қазанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында1 қазанда түнде топырақ үстінде 3 градус үсік болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

1 қазанда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман болады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында1 қазанда таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр болады. Қонаев қаласында шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

1 қазанда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

1 қазанда түнде Атырау облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

1 қазанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 30 м/с және одан аса болады.

1 қазанда күндіз Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорған қаласында1 қазанда күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр болады.

1-3 қазанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

1 қазанда Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Ақтау қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с болады.

1 қазанда күндіз Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады) болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Серіктес жаңалықтары