×
549.06
644.87
6.66
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.06
644.87
6.66

ХАМАС Трамптың Газаға қатысты бейбіт ұсынысына жауап дайындамақ

30.09.2025, 18:33
ХАМАС Трамптың Газаға қатысты бейбіт ұсынысына жауап дайындамақ
REUTERS/Dawoud Abu Alkas

Газадағы атысты тоқтату туралы АҚШ ұсынған жоспар сейсенбі күні ХАМАС-тың 20 тармақтан тұратын құжатқа берген жауабына байланысты болды. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл жоспарды «екі жылға созылған қақтығысты аяқтауға бағытталған соңғы қадамға жақын» деп атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ара ағайындар – Катар мен Мысыр – дүйсенбі күні кешке құжатты ХАМАС-қа тапсырған. Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ақ үйде Трамппен бірге сөйлеген сөзінде бұл ұсынысты қолдайтынын мәлімдеген. Оның айтуынша, жоспар Израильдің осы соғыстағы мақсаттарына сәйкес келеді. Reuters мәліметінше, Нетаньяхуды бұған дейін кейбір тармақтарға қатысты күмәндарынан бас тартуға не итермелегені әзірге белгісіз. Айта кетсек, ХАМАС бұған дейінгі келіссөздерге қатыспаған еді. Трамптың жоспары исламшыл топтан қаруды тапсыруды талап етеді, ал ХАМАС бұл шартты бірнеше рет қабылдаудан бас тартқан болатын.

– ХАМАС өкілдері ұсынысты адалдықпен қарастыратынын және жауап беретінін мәлімдеді, – деп сейсенбі күні таңертең агенттікке келіссөз барысымен таныс ресми өкіл хабарлаған.

Трамп сондай-ақ, егер жоспар қабылданбаса, Израильге кез келген қажетті шара қабылдау үшін АҚШ-тың толық қолдауы көрсетілетінін ескертті. Құжатқа сәйкес, жоспарға мыналар кіреді: атысты дереу тоқтату, ХАМАС қолында отырған барлық тұтқындарды Израиль түрмелеріндегі палестиналықтарға айырбастау, израильдік әскерлерді Газадан кезең-кезеңімен шығару, ХАМАС-ты қарусыздандыру және халықаралық ұйымның басқаруымен өтпелі үкімет құру.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін 29 қыркүйек күні АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесті. Трамп қызметіне кіріскелі бері Израиль премьері Вашингтонға осымен төртінші рет сапарлап отыр. Кездесуде АҚШ-тың Газадағы соғысты аяқтау және палестиналық қарулы топ ұстап отырған Израиль тұтқындарын босату жоспары талқыланған.

Серіктес жаңалықтары