×
549.06
644.87
6.66
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.06
644.87
6.66

Қарағандыда полиция ғимаратынан жалаңаш әйелдің мәйіті мен ес-түссіз күйдегі майор табылды

Бүгін, 11:06
Қарағандыда полиция ғимаратынан жалаңаш әйелдің мәйіті мен ес-түссіз күйдегі майор табылды
Скриншот

Қарағандыда ес-түссіз полиция майор мен жалаңаш әйелдің өлі денесі полиция пунктінен табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

«Патриот» телеграм арнасы таратқан ақпаратқа қарағанда, учаскелік полиция пункті ғимаратынан жалаңаш әйелдің өлі денесі мен қызметтік орнында ес-түссіз учаскелік полиция майоры табылған. Оларды аға учаскелік инспектор көрген. Әйел адамның мәйіті басқа бөлмеде, полиция қызметкері басқа бөлмеде болған.

Полиция майоры белгісіз заттың әсерінде болған. Алдын ала болжам бойынша, есірткі немесе басқа заттан улану (шамадан тыс дозалану) жағдайын тіркеген. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Телеграм арна таратқан видеода өзін Айнұр Балакешова деп таныстырған журналист полиция пунктін жақын барып, видеоға түсірмек болады. Оған полиция қызметкерлері тергеу жұмыстары жүріп жатқанын айтып, ғимаратқа жақындатпайды.

Полиция пунктінде әйел адам мен майордың не істегені әзірге белгісіз.

Оқиға орнына Қарағанды полиция басқармасының басшысы Шахназар Салин барған.

Серіктес жаңалықтары