×
549.15
643.88
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.15
643.88
6.71

Банкир Жомарт Ертаев қайтадан түрмеге отырады

Бүгін, 09:02
Банкир Жомарт Ертаев қайтадан түрмеге отырады
Ulysmedia.kz коллажы

Банкир Жомарт Ертаев қайтадан түрмеге отырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы депутат Абзал Құспан хабарлады. 

- Ертаевқа қатысты сот қаулысы бүгін бұзылды. Өтінішімді қолдап, әділ шешімге ықпал еткен Қазақстанның бас прокуратурасы, Алматы облысының прокуроры мен сотына, сондай-ақ мәселені алғаш көтерген журналистер қауымына алғыс айтамын!, – дейді Құспан. 

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Жомарт Ертаевтың бостандыққа шыққаны белгілі болды. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Ертаевтың амнистия бойынша босатылғанын, пробацияда болатынын хабарлады.

Абзал Құспан Ертаевтың мерзімінен бұрын шығып кетуі заңсыз екенін бұған дейін де айтқан еді. 

2020 жылдың қарашасында Жомарт Ертаев RBK банкынан 144 млрд теңге ұрлағаны үшін орташа қауіпсіздік колониясында 11 жылға сотталған еді. 2021 жылдың наурызында оған қылмыстық топ құру және алаяқтық жасағаны үшін 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның ісі бойынша тағы 35 адам сотталды. Іс 700 томнан және 46 эпизодтан тұрды. Айыптау актісі 280 бетке созылып, оны бірнеше күн бойы оқыған.

Серіктес жаңалықтары