×
549.15
643.88
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.15
643.88
6.71

Ресейлік әнші Тиматидің концертіне қарсы петиция пайда болды

Бүгін, 11:08
Ресейлік әнші Тиматидің концертіне қарсы петиция пайда болды
Фото: РБК

Қараша айының соңына Ресейдің әншісі Тиматидың Астана мен Алматыда концерттері өтеді деп жоспарланған. Алайда қазақстандық бір топ азамат оның елге келуіне қарсы шығып, арнайы петиция ұйымдастырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕГІЗГІ ТАЛАП

Петиция авторлары Тиматидың ресми түрде және ашық түрде Ресейдің көршілес тәуелсіз мемлекеттеріне қатысты әскери агрессиясын қолдап жүргенін алға тартады. Әсіресе, оның Ресейдің Украинаға басып кіруіне көрсеткен қолдауына наразы.

- Біз – Қазақстан азаматтары оның елімізде өнер көрсетуіне қарсымыз! Біздің мемлекет ресми деңгейде, сондай-ақ халықтың басым бөлігі де Украина мемлекетінің аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін қолдайды. Қазақстан ресми түрде әскери қақтығыстарға қатысты бейтарап ұстанымды сақтап отыр. Біз Ресейдің әскери агрессиясын насихаттайтын ашық әрі агрессивті әрекеттерді қолдамаймыз, – делінген петиция мәтінінде.

Азаматтар Қазақстан аумағында Тиматидың барлық концертін тоқтатуды және өткізуге тыйым салуды талап етті.

ҚАРСЫЛЫҚ

Айта кетейік, біз бұған дейін қазақстандықтар Тимати елімізде концерт өткізуіне қарсы шығып жатқанын хабарлаған едік

Алайда Тимати – концертіне қарсы талап қойылған алғашқы ресейлік әртіс емес. Бұған дейін қазақстандықтар Полина Гагаринаның 27 қарашада Астанадағы Конгресс-орталықта өтуі тиіс болған концертін өткізбей тастаған.

Сондай-ақ 29 тамызда Филипп Киркоровтың, ал Алматыда Республика сарайында үлкен концерт бермек болған Вячеслав Бутусовтың да жоспарланған шаралары қоғам тарапынан қарсылыққа тап болды.

Серіктес жаңалықтары