×
549.15
643.88
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.15
643.88
6.71

ЖИ қазақстандықтардың менталитетіне оң ықпал етеді -Тоқаев

ЖИ қазақстандықтардың менталитетіне оң ықпал етеді -Тоқаев
Ulysmedia

Астанадағы Digital Bridge 2025 форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект қазақстандықтардың менталитетіне оң әсер етіп, қоғамды жаңа технологиялық деңгейге көтеретінін айтты. Ол сондай-ақ форумды келесі жылдан бастап AI Bridge деп атауды ұсынып, мұны адамзат дамуының басты бағыты жасанды интеллектпен тікелей байланысты екенімен түсіндірді.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект қазақстандықтардың менталитетіне оң әсер етеді деп мәлімдеді. Оның сөзінше, қоғам түбегейлі жаңарып, технологиялық әрі заманауи сипат алып, «өркениетке қарай қадам жасайды». 

-Басқаша айтқанда, еліміздегі қоғамдық өмір түбегейлі өзгеріп, анағұрлым технологиялық әрі заманауи сипат алады. Бұл өз кезегінде ұлт менталитетіне оң ықпал етіп, өркениетке қарай үлкен қадам жасауға жол ашады. Мен талай рет халқымыздың болашаққа сеніммен қарап, өткенге байланып қалмауы тиіс екенін айтқанмын, — деді бүгін Президент.

Сонымен қатар ол форумды келесі жылдан бастап AI Bridge деп атауды ұсынды. Президент мұны алдағы жылдардағы адамзат дамуының негізгі бағыты тікелей жасанды интеллектпен байланысты болатынымен түсіндірді. 

Ол форум атауы өзгергенімен, мақсат-міндеті сол қалпында қалатынын атап өтті. AI Bridge алдағы уақытта технологиялық компаниялар, стартаптар, ғылым, бизнес және мемлекет арасындағы ынтымақтастық алаңы бола береді. Президент жаңа формат халықаралық әріптестікке тың серпін беріп, жасанды интеллектіні қоғам игілігі үшін тиімді пайдалануға ықпал ететінін жеткізді.

КОНТЕКСТ

Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық форумы басталды. Ол цифрлық инновациялар мен болашақ технологияларын талқылайтын басты алаңға айналды. Форум жұмысына президент Қасым-Жомарт Тоқаев, ресми сапармен келген Венгрия Президенті Тамаш Шуйок және әлемдік IT-сарапшылар қатысуда. Олардың қатарында Telegram негізін қалаушы Павел Дуров, Sinovation Ventures пен 01ai басшысы Ли Кай Фу, Google сарапшысы Питер Норвиг, G42 International басшысы Мансур Ибрагим Әл Мансури және Стэнфорд профессоры Илья Стербулаев бар.

Бағдарламада жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық экожүйелерді қалыптастыру және халықаралық ынтымақтастық мәселелері қамтылған.

Digital Bridge Астананы жаһандық технологиялық трендтерді талқылайтын орталыққа айналдырып, Қазақстанның Еуразиядағы цифрлық экономиканың көшбасшысы болуға ұмтылысын айқындайды.

Серіктес жаңалықтары