×
549.15
643.88
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.15
643.88
6.71

Қазақстан киік мүйізін экспорттамақ

Бүгін, 14:11
Қазақстан киік мүйізін экспорттамақ
Ulysmedia.kz коллажы

Еліміз киік мүйізін экспортқа шығару арқылы табысты арттыруды жоспарлап отыр. Алайда экология және табиғи ресурстар министрінің өзі әзірге бұл қазынаға қанша ақша түсіретінін білмейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Киікті атуға рұқсат берілгеннен кейін «мүйіздерімен не істеу керек?» деген сұрақ туындады.

Еске салсақ, бұған дейін браконьерлер дәл осы бөлігі үшін дала киіктеріне аңшылық ұйымдастыратын. Kazenergy-2025 форумының кулуарында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, ведомство киік мүйізін экспортқа шығару туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

– Бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Рұқсатты CITES ұйымы береді. 2023 жылы еліміздегі киік саны 21 мыңға дейін азайып кеткенде, олар біздің елге дериваттар саудасына нөлдік квота белгілегені әлі есімде. Бүгінде біз келіссөздер жүргізудеміз, жыл соңына дейін мәселе шешіледі деп ойлаймын. Әрине, егер көп популяция бар болса, біз оны реттейтін болсақ, дериваттармен бір нәрсе істеу керек. Бұл қаржыны кейін сол киіктерді қорғауға да жұмсауға болады, – деді министр.

Алайда министр бұл істен түсетін қаражаттың шамамен қанша болатынын да білмейді. Интернетте киік мүйізінің келісіне орасан сандар көрсетілген, әрі егер аңшылардың айтуынша, бұрын киіктерді джип мінген, сапалы қарулы адамдар атқан болса, демек, мүйіз – аса қымбат ресурс деген сөз.

Соған қарамастан Ерлан Нысанбаев дериват бағасын білмейтінін, бірақ мүйізге тән пайдалы қасиеттер туралы естіп жүргенін айтты.

– Ол Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде фармпрепараттар өндіруге арналған компонент ретінде сұранысқа ие. Бағасы 1500–2000 доллар деді, бірақ ол өтірік. Бізге рұқсат берілгенде, сонда ғана нақты бағасын білеміз, – деді кезекті кездесуге асыққан Ерлан Нысанбаев.

Серіктес жаңалықтары