×
549.15
643.88
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.15
643.88
6.71

Стоматологиядан ақшаны заңсыз шығарған үш адамға іздеу жарияланды

Бүгін, 16:33
Стоматологиядан ақшаны заңсыз шығарған үш адамға іздеу жарияланды
Ulysmedia.kz коллажы

Стоматологиялық клиникадан ақшаны заңсыз шығарған үш адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған стоматологиялық клиникалардың иелерін іздестіруде:

  • Дуйсенов Аслан Қамбарұлы, 01.04.1992 ж.т.
  • Иманбаев Габбас,18.05.1998 ж.т.
  • Елешев  Есимхан Баяндиевич, 11.09.1987 ж.т. 

НЕ ҮШІН ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАНДЫ?

Олар 46 млрд теңгеден астам қаражатты БЖЗҚ заңсыз шығару мақсатында қылмыстық схемаларды ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Бұл мақсатта олар тіс емдеу қызметі көрсетілгендей жалған медициналық құжаттарды рәсімдеген.

Олар Маңғыстау және Атырау облыстарындағы 7 стоматологиялық клиниканы пайдаланған. Аталған мекемелер іс жүзінде ешқандай медициналық қызмет көрсетпеген.

Дүйсенов, Иманбаев, Елеушевке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылды.

ЭКС-ПОЛИЦЕЙ

Айыпталушылардың бірі — Дүйсенов Қамбар бұрын полиция қызметкері болған, алайда теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған. 2016 жылы ол Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу») және 362-бабы («Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану») бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

ҚАЙДА ХАБАРЛАСУ КЕРЕК? 

Іздеуде жүрген тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Қаржылық мониторинг агенттігіне төмендегі нөмір бойынша хабарлауыңызға болады +7 (7172) 70 84 78 – кезекші бөлім.

Серіктес жаңалықтары