Астанада өтіп жатқан халықаралық Digital Bridge 2025 форумында жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин Алматыдағы тарихи футбол матчының телетрансляциясы неге үзілгені жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
– Проблема көп қолданушының бір мезгілде сайтқа кіруінен болды. Телеарналар серверлері үлкен жүктемеге шыдамады. Мәселе интернетте емес, телеканалдардың серверлеріне түскен үлкен салмақта. Толығырақ білу үшін осы арнаны қадағалайтын Мәдениет және ақпарат министрлігіне ресми сауал жолдауға болады, – деді ол.
КОНТЕКСТ
Алматыда өткен «Қайрат – Реал Мадрид» матчы кезінде трансляция сапасына байланысты жанкүйерлер көп шағым айтты. Мәжіліс депутаттары да бұл мәселені біршама көтерді.
Бұл туралы пікір екіге бөлінді. Бірі интернет-провайдерлерді кінәласа, енді бірі дайындықсыз шыққан мемлекеттік арналардың әлсіз инфрақұрылымын атап өтті.
Матч 0:5 есебімен аяқталды. Бірақ жанкүйерлердің есінде ойынның нәтижесінен бұрын тікелей эфирдегі ақаулар есте қалды. Qazaqstan мен Qazsport сайттары жүктемеге шыдамай істен шықты. Көп адам ойынды көру үшін шетелдік жазылым сатып алуға мәжбүр болды.
Жыл сайын миллиардтаған қаржы бөлінсе де, мемлекеттік арналардағы осындай проблемалар қайталануда. Жанкүйерлер қатаң шара қолдануды талап етіп отыр.
Ресми мәліметке сүйенсек, 2024 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатқа 62,8 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде 60,5 млрд теңгесі Qazaqstan мен Qazsport арналарын қаржыландыруға жұмсалды. 2025 жылы бұл сома 66 млрд теңгеге дейін өспек.