АҚШ Киевке жеткізілімдерді қамтамасыз ету үшін НАТО елдеріне қару сатуды жалғастырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт Fox News арнасындағы эфирде мәлімдеді.
— Президент бұл мәселе бойынша өте анық пікірін білдірді. Біз НАТО-ға қару сатуды жалғастырамыз, ал НАТО бұл қаруды Украинаға жеткізе алады, — деді Левитт.
Осылайша, Вашингтон Украинаға қолдауын жалғастырып, қарулы қақтығыстағы одақтастарымен бірлескен саясат ұстанып отырғанын көрсетті.
БҰҒАН ДЕЙІН
АҚШ Украинаға Ресей аумағындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасауға қажет барлау деректерін беретінін хабарлаған едік.
The Wall Street Journal мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп тиісті бұйрық шығарған. Басылым бұл жөнінде өзінің АҚШ билігіндегі дереккөздеріне сүйеніп жазды. АҚШ Еуропадағы одақтастарын ресейлік мұнай өңдеу зауыттары, құбырлар және басқа да энергетикалық инфрақұрылым бөліктері туралы ақпаратты Киевке беруге шақырған.
Бұған дейін Трамп әкімшілігі Киевке Украина шекарасынан қашықта орналасқан Ресей нысандары туралы барлау деректерін бермеген.