×
546.96
642.73
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
546.96
642.73
6.7

Экс-депутаттың қызы ғарышқа ұшпақ

Бүгін, 08:29
Экс-депутаттың қызы ғарышқа ұшпақ
Ашық дереккөзден

Экс-депутат Гүлжан Қарағұсованың қызы Данна Қарағұсова Blue Origin компаниясының ғарыштық миссиясына қатысатын алғашқы қазақстандық турист болмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Blue Origin компаниясы бүгін NS-36 миссиясы аясында ғарышқа ұшатын келесі экипаж құрамын жариялады. Құрамға Джефф Элгин, Данна Қарағұсова, доктор Клинт Келли III, Аарон Ньюман, Виталий Островский және аты құпия сақталатын алтыншы қатысушы енген.

- Даннаның медиа және іс-шараларды ұйымдастыру саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Көп жылдық альпинистік тәжірибесінде ол Килиманджаро мен Эльбрус шыңдарын бағындырған. Бұл оның ішкі күшін дәлелдеді. Қазір ол ғарышты ойын-сауық ретінде емес, трансформациялық шекара ретінде қарастырып отыр, – делінген компания сайтында.

ҰШУ

Бұған дейінгі суборбиталық ұшу шамамен 10–12 минутқа созылған еді. Қатысушылар бірнеше минут салмақсыздықты сезініп, ғарыш аясында Жерді бақылау мүмкіндігіне ие болды.

Blue Origin суборбиталық туризм нарығында Virgin Galactic компаниясымен бәсекелесіп отыр. Virgin Galactic билеті $600 мың тұрса, ал Blue Origin-нің New Shepard кемесіне нақты билет бағасы әзірге жария етілген жоқ.

ҚАРАҒҰСОВА ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Ашық деректерге сүйенсек, Данна Қарағұсова 1984 жылы туған. Ол FMG маркетингтік холдингінің негізін қалаушы. Анасы – Гүлжана Қарағұсова, бұрынғы сенатор, мәжіліс депутаты және ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған.

Сондай-ақ, Данна Қарағұсова блогер Бейбіт Әлібековтің бұрынғы жары. Ерлі-зайыптылардың үш баласы бар.

Серіктес жаңалықтары