×
546.96
642.73
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
546.96
642.73
6.7

2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер 10 пайызға өседі

Бүгін, 14:06
2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер 10 пайызға өседі
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдер көтеріледі. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша бұрын тағайындалған төлемдер 10 пайызға көбейеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАҢА ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті қаулы жобасын «Ашық НҚА» порталында жариялады. Ведомствоның мәліметінше, төлемнің мөлшері әр адамға жеке есептеледі. Ол мына факторларға байланысты:

  • соңғы екі жылдағы әлеуметтік аударым жасалған орташа айлық табысқа;

  • еңбекке жарамдылықтан айырылу деңгейіне;

  • асырауындағы адамдар санына;

  • міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне;

  • табысты алмастыру деңгейіне.

СТАТИСТИКА

Өткен жылы МӘСҚ-тан аталған екі төлемді шамамен 150 мың қазақстандық алған:

  • 66 мың отбасы асыраушысынан айырылған жағдайда 25,3 млрд теңге алды. Орташа айлық төлем – 74 460 теңге.

  • 97 мың адам еңбекке қабілеттілігінен айырылғаны үшін 34,5 млрд теңге алды. Орташа айлық төлем – 71 468 теңге.

Серіктес жаңалықтары