×
546.96
642.73
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
546.96
642.73
6.7

Қазақстанда әр бесінші бала артық салмақтан зардап шегеді

Бүгін, 15:21
Қазақстанда әр бесінші бала артық салмақтан зардап шегеді
ЖИ / ulysmedia.kz

Қазақстанда 6–9 жас аралығындағы әрбір бесінші балада артық салмақ немесе семіздік бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАҢА СТАНДАРТТАР

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті Ақкүміс Салханова мәлімдеді. Оның айтуынша, биылдан бастап мектеп оқушылары жаңа тамақтану стандарттарына сай тамақтанады.

– Жаңа стандартқа сәйкес мектеп оқушыларының ас мәзірінде тұз бен қант мөлшері азайтылады, көкөніс, жеміс-жидек пен сүт өнімдерінің үлесі көбейеді. Ал шұжық өнімдері, қақталған тағамдар және қант мөлшері жоғары сусындар алынып тасталады. Оның орнына балаларға су, сүт, ашытылған сүт өнімдері, жеміс шайы мен қант мөлшері төмен компот ұсынылады, – деді Салханова.

XXI ҒАСЫРДЫҢ ІНДЕТІ

Спикердің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы семіздікті «XXI ғасырдың эпидемиясы» деп атайды. Сарапшылар егер қазіргі жағдай өзгермесе, 2035 жылға қарай Қазақстанда артық салмақ пен семіздікке шалдыққан балалар мен жасөспірімдердің саны 1,9 миллионнан асуы мүмкін екенін ескертуде.

Бұл тек денсаулыққа ғана емес, ел экономикасына да қауіп төндіреді. Болжам бойынша, артық салмақ жыл сайын Қазақстанның ЖІӨ-сін 2–2,5 пайызға төмендетуі ықтимал.

Серіктес жаңалықтары