×
546.96
642.73
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
546.96
642.73
6.7

Қазақтарды "қорлаған" Аликаның ісі сотқа түсті

Бүгін, 16:04
Қазақтарды "қорлаған" Аликаның ісі сотқа түсті
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақтарды "қорлаған" Алика Мұхамадиеваның ісі сотқа түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қандай бап бойынша айып тағылды?

Мұхамадиеваға Қазақстан Қылмыстық кодексінің 174-бабы, 1-бөлігі («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру») бойынша айып тағылып отыр.

30 қыркүйекте аудан прокурорының қаулысымен іс Қазыбек би аудандық сотына берілген. Судья істі қарауға қабылдап, басты сот талқылауын тағайындады.

Сот процесінің уақыты

Басты сот отырысы 14 қазанда, сағат 10:30-да Қарағанды қаласында өтеді. Іс ашық сот отырысында жалпы тәртіппен қаралады.

Оқиға туралы

Еске салайық, Алика Мұхамадиева Threads желісіндегі бір жазбаның астындағы пікірлерде қыз қазақтар мен мұсылмандарды қорлаған болатын. Артынша ол ұлтаралық араздық қоздырды деген күдікпен екі айға қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары