×
546.96
642.73
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
546.96
642.73
6.7

Кешіккен Дуровқа шапан да, қонақасы да бұйырмады

Кешіккен Дуровқа шапан да, қонақасы да бұйырмады
Фото: Ақорда

Астанадағы халықаралық форумда басты назар жасанды интеллект емес, Telegram негізін қалаушы Павел Дуров пен әзілкеш Нұрлан Сабуровқа ауысқандай болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Дуров сахнаға шамамен жарты сағатқа кешігіп келді. Кешелі бері жартылай бос тұрған орындар миллионер сахнаға беттегенде лезде лық толып, аяқ басар жер қалмады.  Қатаң күзет қойылып, сұрақ қоюға мүмкіндік берілмеді. Он шақты күзетші есіктің алдын торып, тіпті фотоға түсіруге де тыйым салынды. 

Дуровпен қатар форумның тағы бір басты жұлдызы – әзілкеш Нұрлан Сабуров. Оның сахнаға шығуын жастар дүркірей қолдап, форумды шоуға айналдырды. Сабуров әдеттегідей өз сөзін әзілмен бастап, миллионерден «ұлттық тағамнан дәм таттыңыз ба?», – деп сұрады. Бірақ, Дуров:

- Жоқ, дәм татпадым. Десе де, барлығыңызға сәттілік тілеймін, – деп қалжың аралас жауап берді. 

Шенеуніктер қалтасы қалың шетелдік мейман келген сайын бірден шапан жауып, ұлттық тағам ұсынатын. Алайда, бұл жолы Дуровқа шапан түгілі, қазақы дастарханды да ұсынбағаны таң қалдырды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, Астанада басталған Digital Bridge 2025 халықаралық форумына Telegram негізін қалаушы Павел Дуров арнайы келді.

Серіктес жаңалықтары