Елімізде жануарларды цирктер мен зоопарктердегі қатыгез қарым-қатынастан қорғауға бағытталған петиция іске қосылды. Бұл бастама Экология министрлігіне жолданған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЦИРК ПЕН ЗООПАРК – ЕСКІ ЖҮЙЕ МЕ?
Көптеген елдерде жануарлар қатысатын цирктер мен дәстүрлі зоопарктер ескірген әрі қатыгез мекемелер ретінде қарастырылады. Петиция авторының пікірінше, бұл орындардағы жануарлар табиғи ортадан айырылып, тар кеңістікте өмір сүріп, ауыр қарым-қатынасқа ұшырайды.
ҚАЗАҚСТАНҒА ГУМАНДЫ ҚОҒАМ ҚҰРУ МАҢЫЗДЫ
«Қазақстан әлемдік үрдістерге ілесіп, жануарларға деген ізгі көзқарасты қалыптастыруы тиіс. Цирктер мен зоопарктерді жануарларсыз ету – оларды қатыгездіктен қорғап қана қоймай, экологиялық жауапты қоғам құруға жол ашады», – делінген петиция мәтінінде.
НЕ ТАЛАП ЕТІЛЕДІ?
Петицияда келесі талаптар көрсетілген:
ПЕТИЦИЯНЫ ҚОЛДАУШЫЛАР САНЫ ӘЗІРГЕ АЗ
Қазіргі таңда бұл петицияны 100-ден сәл асатын адам қолдаған. Ал оны ресми қарастыру үшін 50 мың қол жинау қажет.