Әлемнің орталық банктері тамыз айында жалпы көлемі 15 тонна алтын сатып алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
World Gold Council есебінде көрсетілгендей, тамыз айында орталық банктер алтын сатып алу белсенділігін арттырған.
КӨШБАСШЫЛАР
Тамыз айында ең көп алтын сатып алған ел – Қазақстан (+8 тонна). Сондай-ақ Болгария, Түркия, Қытай, Өзбекстан және Чехияның орталық банктері де өз резервтерін шамамен 2 тонна алтынға ұлғайтқан, деп мәлімдеді WGC.
АУТСАЙДЕРЛЕР
Ең көп алтын қорын азайтқан елдер – Ресей мен Индонезия. Олардың резервтері тиісінше 3 және 2 тоннаға қысқарған.
ПІКІР
– Орталық банктер тамыз айында әлемдік алтын қорына 15 тонна қосымша сатып алды. Бұл наурыз бен маусым аралығындағы орташа айлық көрсеткішпен шамалас, – делінген WGC есебінде.
КОНТЕКСТ
Айта кетейік, 1 қазанда алтын бағасы тарихи рекордтық деңгейге жетті.