×
547.57
642.63
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
547.57
642.63
6.68

Ауғанстанның ықпалды бизнесмені Ташкентте ұсталды

Бүгін, 11:12
Ауғанстанның ықпалды бизнесмені Ташкентте ұсталды
upl.uz

Ауғанстан парламенті төрағасының бұрынғы орынбасары, кәсіпкер Аббас Ибрагимзада Ташкентте ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz upl.uz сайтына сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бар мәліметке сүйенсек, оның ұсталуына бәсекелестерінің шағымы себеп болған. Аббас Ибрагимзада 24 қыркүйек кешкісін ұсталған және сол уақыттан бері қамауда отыр. 350 мың доллардан астам кепіл қаржы ұсыну туралы ұсыныс та құқық қорғау органдарының шешімін өзгертпеген.

Ресми құрылымдар әзірше оның ұсталуына қатысты егжей-тегжейлі түсінік беруден бас тартып отыр.

АНЫҚТАМА

Кейінгі төрт жылда Ибрагимзада Өзбекстандағы жобаларға 50 миллион доллардан астам инвестиция салған. Оның қаржысы негізінен жүк тасымалы мен ұн өндірісі салаларына бағытталған.

Іскер ортада кәсіпкердің қамауға алынуы оның компанияларының жұмысына қауіп төндіріп, елдегі бизнес тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін деген алаңдаушылық күшейіп келеді.

Серіктес жаңалықтары