×
547.57
642.63
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
547.57
642.63
6.68

Руслан Берденов Алматы әкімдігіне қарасты ұйымның басшысы болды

Бүгін, 12:55
Руслан Берденов Алматы әкімдігіне қарасты ұйымның басшысы болды
Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары және Мәжілістің экс-депутаты Руслан Берденов «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ-ның бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы кәсіпкер әрі блогер Бейбіт Әлібеков Telegram-арнасында жазды. Ақпаратты Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

«Алматы қаласын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы әкімдіктің қаулысымен 100% мемлекеттік қатысу үлесімен құрылған.

Ұйымның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, орталықтың басты мақсаты – мегаполистің тұрақты дамуына ықпал ету, басқару тиімділігін арттыру және қала тұрғындарының өмір сапасын жақсарту.

АНЫҚТАМА

Бұған дейін Шымкентте Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша аты шулы сот процесі өткен еді. Ол кезде Берденов қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Сот үкімі бойынша, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС басшысы Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қылмысқа жеке себептермен барғанын мәлімдеген. Оның айтуынша, Берденов оның жұбайына жеке хабарлама жазып, комплименттер жасаған.

Ал Руслан Берденовтің өзі жанжал қызметтік түсінбеушіліктен туындағанын айтқан еді.

Ал 2 қазанда Шымкент соты екі тарап та шешімге шағымданғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары