×
547.57
642.63
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
547.57
642.63
6.68

Ресей жылыту маусымы басталар алдында Украинаның газ нысандарына соққы жасады

Бүгін, 14:20
Ресей жылыту маусымы басталар алдында Украинаның газ нысандарына соққы жасады
ДСНС

Ресей соғыс басталғалы бері Украинаның газ инфрақұрылымына ең ірі соққы жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-арнасында Ресей әскерилері газ нысандарына 35 зымыран атқанын хабарлады.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Бүгін Ресей тағы да біздің газ инфрақұрылымымызға соққы жасады – жылыту маусымы басталар алдында ресейліктер халқымызға көбірек зиян тигізудің амалдарын іздеп жатыр. Дәл осы газ нысандарына бағытталған соққы кезінде 35 зымыран, соның ішінде баллистикалық зымырандар ұшырылды. Бұл аралас шабуыл болды, біз тек жартысын ғана атып түсіре алдық, – деп жазды Зеленский.

Оның айтуынша, ахуал әсіресе Чернигов және Сумы облыстарында қиын болып тұр.

Сонымен қатар Донецк облысына да баллистикалық соққы жасалып, қазір онда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары