×
547.57
642.63
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
547.57
642.63
6.68

Атбасарда қызды аяусыз өлтіріп, стадион маңындағы әжетханаға тастап кеткен

Бүгін, 10:42
Атбасарда қызды аяусыз өлтіріп, стадион маңындағы әжетханаға тастап кеткен
Ulysmedia

Ақмола облысының полицейлері 2002 жылы Атбасар ауданында жасалған адам өлтіру қылмысын ашты. 60 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2002 ЖЫЛЫ БОЛҒАН ҚЫЛМЫС

Оқиға 2002 жылы 4 қазанда Ақкөл қаласында болған. 1973 жылы туған әйел көшеде ер адаммен танысып, үйіне оралмаған. Келесі күні оның денесі стадион жанындағы қоғамдық әжетханадан табылған. Марқұмның денесінде көп жарақат болған.

Сол кезде полицейлер биологиялық іздер жинағанымен, қылмыскердің кім екенін анықтау мүмкін болмаған. Бұл іс 20 жылдан астам уақыт бойы ашылмай келген.

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

2025 жылы сарапшылар ескі айғақтарға молекулалық-генетикалық зерттеу жүргізді. ДНҚ талдауы арқылы сәйкестік табылып, күдіктінің кім екені анықталды.

2 қазанда Қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері прокуратура және ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің қолдауымен 60 жастағы ер адамды ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстың барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары