×
547.57
642.63
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
547.57
642.63
6.68

Алматыда Шекара қызметінің қатардағы сарбазы көз жұмды

Бүгін, 12:00
Алматыда Шекара қызметінің қатардағы сарбазы көз жұмды
exclusive.kz

2025 жылғы 5 қазанда Алматы облысы бойынша департаменттің медициналық қамтамасыз ету бөлімінде ҰҚК Шекара қызметінің қатардағы сарбазы қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Алдын ала медициналық қорытындыға сәйкес, өлімнің себебі – менингококцемия.

–  Аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды, – делінген хабарламада.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Алматыда сарбаз көпқабатты ғимараттың үшінші қабатынан секіріп кеткен еді. Ол Алматы шұғыл медициналық жәрдем ауруханасына жеткізіліп, қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары