×
547.57
642.63
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
547.57
642.63
6.68

Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша тараптар апелляциялық шағым түсірді

Бүгін, 15:06
Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша тараптар апелляциялық шағым түсірді
Ulysmedia

Мәжілістің бұрынғы депутаты, Шымкенттің әкімінің экс-орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша апелляциялық сот алқасы істі қайта қарайтын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Апелляциялық алқа істі 8 қазан күні қарауға кіріседі. Otyrar.kz мәліметінше, 2-11 қыркүйек аралығында бұл іс бойынша бес апелляциялық шағым тіркелген. Алайда шағым иелері мен олардың дәлелдері туралы ақпарат жарияланбаған.

АНЫҚТАМА

Бұған дейін Шымкентте Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша аты шулы сот процесі өткен еді. Ол кезде Берденов қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Сот үкімі бойынша, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС басшысы Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қылмысқа жеке себептермен барғанын мәлімдеген. Оның айтуынша, Берденов оның жұбайына жеке хабарлама жазып, комплименттер жасаған.

Руслан Берденовтің өзі жанжал қызметтік түсінбеушіліктен туындағанын айтқан еді.

2 қазанда Шымкент соты екі тарап та шешімге шағымданғанын хабарлады.

Ал кеше, 4 қазанда Руслан Берденов Алматы әкімдігіне қарасты ұйымның басшысы болғанын жазғанбыз.

Серіктес жаңалықтары