Ресейлік психолог Алексей Ситников Алматыда өткен BeWoman форумында Ресей президенті Владимир Путинді «қайратты тұлғаның» үлгісі деп атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
– Путиннің қиындыққа қалай төтеп беріп отырғанын қараңыздаршы. 55 ел онымен соғысып жатыр, ал ол бәрібір жеңіп келеді. Трамптың Путинді ұшақтың трапында қалай қарсы алғанын көрдіңіздер ме? Олай ешкімді қарсы алған емес. Демек, тұлғаның пассионарлығы — ұлттың пассионарлығынан да артық күшке ие болып, әлемді өзгертетін қозғаушы фактор бола алады, – деді Ситников сахнада.
Ресейлік спикердің бұл сөзі әлеуметтік желілерде үлкен наразылық тудырды.
Желі қолданушылары форум ұйымдастырушыларын соғысқа қолдау білдіретін насихатқа мінбер бергені үшін сынға алды.
BeWoman Asia 2025 форумы 26 қыркүйекте Алматыдағы Республика сарайында өтті. Форумның негізін қалаушы — олигарх Сергей Канның жұбайы Жанна Кан. Іс-шара Ұлттық комиссияның (әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі) қолдауымен ұйымдастырылған.