×
547.57
642.63
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
547.57
642.63
6.68

"Әлденені сынақтан өткізіп жатыр ма?" Астанадағы ерекше бұлт тұрғындарды алаңдатып қойды

Бүгін, 17:51
"Әлденені сынақтан өткізіп жатыр ма?" Астанадағы ерекше бұлт тұрғындарды алаңдатып қойды
Ulysmedia

Астана тұрғындары қала аспанында саңырауқұлақ тәрізді бұлтты байқады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Куәгерлер түсірген кадрлар әлеуметтік желілерде тез тарады. Ерекше көрініс «Үркер» тұрғын үй алабы мен айналма жол маңында байқалған.

Кейбір қолданушы бұлттың техногендік шығарындылардан, қоқыс жануынан немесе өндірістік сынақтан пайда болуы мүмкін екенін болжады.

– Астананың айналма жолы маңында бірдеңені сынақтан өткізіп жатыр? Әлде бір нәрсе жарылды ма? – деп жазды Threads қолданушысы @zhamiliyo.

Куәгерлердің айтуынша, біраз уақыттан кейін бұлт сейілген. Қалалық қызметтер әзірше ресми түсінік берген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» РМК синоптиктері астаналықтарды қолайсыз метеожағдай туралы ескерткен еді.

Серіктес жаңалықтары