×
547.57
642.63
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
547.57
642.63
6.68

"Жүрегіміз бір жамандықты сезген" - Алматыда қаза тапқан сарбаздың туыстары

Бүгін, 09:11
"Жүрегіміз бір жамандықты сезген" - Алматыда қаза тапқан сарбаздың туыстары
Ашық дереккөзден

Алматы қаласында жас сарбаз Нұрасыл 2025 жылдың күзінде әскерге шақырылып, бар болғаны бір апта өткен соң қаза тапты. Бұл туралы оның әпкесі Динара Мирамбекқызы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бір апта бұрын әскерге аттанған

- Біздің бауырымыз Нұрасыл (16.12.2006 жылы туған) биыл күзде әскерге аттанған еді. Ол 2025 жылдың 27 қыркүйегінде шақырылып, Алматы қаласындағы Спасская көшесі, 67-үй мекенжайында орналасқан Қарасай шекара қызметіне жіберілді. 5 қазан оның әскерге кеткеніне тура бір апта. Осы қысқа уақытта бауырымыздан айырылып қалдық… – деп жазды марқұмның әпкесі.

“Жүрегіміз бір жамандықты сезді”

Динараның айтуынша, отбасы Нұрасылды әскерге жібергісі келмеген, алайда ол Отан алдындағы борышын өтеуге ниетті болған.

- Біз оны жібергіміз келмеді, жүрегіміз бір жамандықты сезген еді. Бірақ Нұрасыл: “Мен елімді қорғағым келеді, нағыз патриот болғым келеді, борышымды атқару – парызым” – деп айтатын. Ол армия – ерлік пен тәртіп мектебі деп сенді, мұндай қасірет болатын жер деп ойламады, – деп жазды әпкесі.

“Ол өмірді сүйетін, әділдікке сенетін жігіт еді”

Динараның сөзінше, Нұрасыл мейірімді, ақжарқын, адал әрі өмірге құштар бала болған.

- Ол өмірді жақсы көретін, әрқашан әділдік пен жақсылыққа сенетін. Оның қазасы – отбасымыз үшін орны толмас қайғы. Егер анамыз тірі болғанда, мұндай ауыр соққыны көтере алмас еді, – деді ол.

Отбасы президенттен араша сұрайды

Нұрасылдың отбасы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық үндеу жолдады.

- Біз мемлекетке сендік, баламыздың қауіпсіздігіне сендік. Бірақ неге бейбіт заманда осындай жас жігіттер қаза табады? Біз шындық пен әділдікті талап етеміз. Бұл тек бір отбасының қайғысы болып қалмасын. Мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін барлығы ашық және әділ тергелуі тиіс, – деп жазды марқұмның туыстары.

РЕСМИ ЖАУАП

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің мәліметінше, алдын ала медициналық қорытындыға сәйкес, өлімнің себебі – менингококцемия.

–  Аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды, – делінген хабарламада.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 18 қыркүйекте әскерде тағы трагедия болды. Мәтібұлақ ауылында орналасқан №01098 әскери бөлімінде 19 жастағы мерзімді қызметтегі сарбаз Дінмұхаммед Шынарбек өлі табылды. 

Сонымен қатар, Жетісу облысында тағы бір сарбаз қаза тапты. Ал кеше Алматыда мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көпқабатты үйден секіріп кетті. Ол ауруханада ем қабылдап жатыр. 

Серіктес жаңалықтары